Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  164


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Алаң көңiл ауаны....

Алаң көңiл ауаны,
Жыртық аспан жауады.
Қарны ашқан қара жер
Қара бұлтты сауады.
Қара бұлтты қақтай сау,
Қайырымын мақтай сау.
Қарны ашқан қара жер,
Қанағатың жоқтай сау…
Көгiң шықсын қылтиып,
Бүйiрiң шықсын бұлтиып.
Жаратпаса, жаратпас,
Күннiң көзi кiртиiп.
Бiр шөлiңдi бас, тегi,
Бiр жолыңды аш, тегi.
Алаң көңiл ауаны,
Өзiңе жоқ қас-кегi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу