Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  126


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қандай жаман балғын шақта көз жұмған…

Қандай жаман балғын шақта көз жұмған…
Бала едiң ғой балдырған,
Тек елесiң қалдырған…
Тентiреттi теңiзге
Сен жататын сол бiр маң.
Тыныш қорым, тыныш маң
Теңiз қайда ығысқан?
Титтей ғана жүрегiң
Топырақпен ұғысқан…
Титтей ғана төбешiк,
Титтей ғана шөп өсiп,
Титтей сəби бейнесiн
Жасырады егесiп.
Құс қанатын талдырған,
Аң тұяғын алдырған,
Астанадан алыста –
Атырауда сол бiр маң…
Астанаға мен кеттiм,
Сен теңiздi тербеттiң.
Күнде кiрдiң түсiме,
Орныңа өзiм өлмеппiн.
Қайран көңiл азалы,
Қайран өмiр қазалы.
Атырауды аңыратты
Жас сəбидiң ажалы…
Басталмаған болашақ,
Қазылмаған жерошақ
Қасiрет боп қаптады,
Жанға терең жара сап.
Шапағатшы перiштем,
Көз жасымды жер iшкен…
Бозiнгендер əлi жүр
Боздап қайтып өрiстен.
Күнəсi жоқ сəбиiм,
Елесiңдi таниын.
Тiрi болып түсiме ен,
Жiгерiмдi жаниын.
Бала едiң ғой балдырған,
Тек елесiң қалдырған.
Астанадан алыста –
Атырауда сол бiр маң…
Қандай жаман балғын шақта көз жұмған…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу