Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
143
Аппақ қыз. Ақ таң. Ауыл.
Даланың түні куә, таңы куә,
Тұрасың күліп көңіл – айнамда да.
Сендегі сезімнің от-жалынына
Кезігіп қалдым екен қайдан ғана!
Кезіктім, сол-ақ екен, отқа орандым,
Көзімде бір жалт етті, бәлкім, ұшқын.
Ауыл-ау, түбінде сол шөпқораңның
Татып ем дәмін алғаш бал сүйістің.
Аттаппыз келер күнге...
аппақ таңды
Аппақ қыз құшағында тұрып қарсы ап.
Сырды сол түнде айтылған жаттап та алдым,
Келгендей махаббатты ұлықтар сәт.
Бойында бойжеткеннің діріл барын
Аңдадым, қызығым жоқ одан бөтен.
Ауыл-ау, өзің тұрғай түнің, таңың
Аяулы болатыны содан ба екен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter