Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  101


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Анаға хат

Мен жайлы елде көбейді қаңқу әртүрлі,
Іздеп те жүрген жоқпын мен дақпырт-даңқыңды.
Қайтейін, ана-көкірек, есіл жырдағы
Басылмай қалған мауқымды.
Көңілің суып, тартты деп сөкпе жатбауыр,
Өзіңсіз «өгей өлкеде» ұлың шаққа жүр.
Бір барғанымда жеткізе алмаған сағыныш,
Ақтарыл, ақтарыл, ақтарыл!
Ауылға барсам, алдымнан шығар әмірлі үн:
«Бағусыз қалмас, әзірге аман малың жүр».
Құрып кеткір істі қартайғаныңда да (қайтейін)
Қолыңнан алмадым, қадірлім!
Ішінде елдің қалуды ғана таңдадың,
Өзіңді үлде, бүлдеге де орай алмадым,
Шаттығыңды болсын еселей алмадым, ардағым!
Уайым емес қалғаны.
Лып етіп сөніп бықсумен болған отым-ай,
О, қазір мен де күй кешіп жүрмін екіұдай.
Өтуде өмірім қарашаңырағымның бір күндік,
Жылуына-дағы татымай.
Анам-ай менің...
Елеңдеп үнге қырдағы әр,
«Қатыбас» ұлдан күтумен жүрсің бір хабар.
Қаңқу сөздердің қабырғасын сөге қайран ұл
Қараорманына бір барар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу