Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
186
Шаршатты тағдырдың сынағы...
Шаршатты тағдырдың сынағы...
Қарсы ақтым сұрапыл ағынға.
Бал шақтың елесі секілді
Әйеуір, сен барсың жанымда.
Жасырған сезім бүр жарғалы...
Жасыннан от алды арманым.
«Ах» ұрған сәтімде сәмсіреп,
Қасымнан табылдың, ардағым!
Әй, енді... бәріне мың шүкір,
Әйелдің әр ісі ырыс-дүр.
Мәуеңді төгесің қайда да
Жылдарға ілесіп мына ұшқыр!
Уды һәм балды бір татып ек...
Біз мына оттың өрт-лапылы ек.
Бір бұла қыз едің кешегі...
Аялай алмасам, ғафу ет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter