Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
169
Жарыма
Мен үшін бейнең бір ұлық,
Махаббат сол бір болды арда.
Кеудемнен лажсыз суырып,
Ұзатам алыс жолдарға.
Қалады жаным қан қақсап,
Аулаққа кетсең бірер күн.
Қара да суға қармақ сап,
Қалтқысын баққан біреумін.
Алыстай көрме бір елі,
Отырмын тағы булығып.
Кетердей қолқа-жүрегім
Өзіңмен қоса суырылып!
Қалмадым бармақ тістелеп,
Тұтаттың сөнген от ем бір.
Қолыма оңай түскен ең,
Қолымнан берер ме екенімін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter