Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  122


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Қар гүлі

Бәрі есте!
Талас-өзен тасқыны есте.
Құштар тек біз жылуы пәс күнеске.
Іздейтінбіз қар гүлін қыраттардан
Жасырынып сіреу қар астына өскен.
Іліндіре алмай-ақ қолға түкті
Қайтып жүрдік... өтпейтін сонда уақыт бұл!
Қар астынан қылтиған ақ бас гүлге
Кім кезіксе (біздіңше), сол – бақытты!
Үміт бізде артты ала-бөле күндіз.
Ал бақытты қызғаныш көретін түз.
Арман болған ақық көз гүлді ертесін...
Мұғалім үстелінен көретінбіз!
Санамызда қалдырды ақ пейіл із.
Ойлаған да едік сол сәт кейіміз:
«Гүлді тапқан тарихшы ағай, сосын...
Бақытты екен Әтіркүл әпкейіміз!»
...Қазір көп-көп құрбының түзде көзі.
Көктем көшіп, қанша құс тізбегі озды.
«Жоқ» іздеумен жүргенде, балалықтың
Жасырынып қалыпты бізден өзі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу