Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  151


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Президент - жастар досы

Құндыздай қыз, жұлдыздай ұл өсіріп,
Балапандар билегенде есіліп,
Жаңа жылдық шыршаларға Президент,
Көрген емес, келмей қалып, кешігіп.
Балалары бақытты өскен қоғамда,
Тыныштықтан артық бақыт болар ма?
Наурызды мерекелеп жастармен,
Сыйлығын да ала келді оларға.
Сөйлеседі жастарменен шешіле,
Бөбектерді көтереді төсіне.
Теміртауда еңбек еткен бозбала,
Жас кездері түсе ме екен есіне.
Қуат алып Нұрсұлтандай данадан,
Бүлдіршіндер жəне арнайды əн оған.
Өзі бірге билеп, шырқап жүреді,
Ақ жүректі асыл адам-балажан.
Балалардың күлкісі мен салты ұнап,
Ол жүреді күндей күліп жарқырап.
Күннің нəзік сəулелері сияқты,
Президенттен жүректерге тартылад...
Қызды көріп, ұлды көріп гүл өңді,
Президент алаламас біреуді,
Егеменді Еліміздің бағына,
Білімді ұрпақ өссе екен тілейді!
Президент сөз айтады жігерлі,
Жігерсізді жанып-жанып жіберді:
«Осы жастар –Қазақстан ертеңі,
Осыларға қалдырамыз Ұлы Елді!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу