Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  117


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Президент - Алатау, дара шың

Тек өзін жаратқандай нұрдан Алла!
Нұрекеңді жаратқан бұл Заманға,
Үлбіреген ел үмітін желбіреткен,
Оза тапқан тұлпар ол мыңнан дара.
Халқының ақ батасы мол ағыла,
Қызмет етіп жатыр ол қоғамына.
Қиындықтың қақыратқан мұз-сеңдерін,
Мұзжарғыш демей оны болады ма?
Президент –қарлы Алатау, дара шыңым,
Бағына жаратылған алашымның.
Қабілетін танып, біліп, жүзге бөлмей,
Бағын ашты сан басшы, сан асылдың.
Даналық-қиындықты жеңдірген де,
Дұшпандар күле алмайды енді іргемде.
Əкімдік басқарудың жөн жүйесін,
Президент біздің елде ендірген де.
Саяси-өнегеден əлемдегі,
Қазаққа да жарады керек жері,
Қос палаталы-үкімет көп жыл болды,
Ресми дұрыстығын дəлелдеді.
Қуып жүрген көршілер жоқ елесін,
Көріп енді теңелген терезесін,
Көріп енді кеңейген керегесін,
Қазақтардың алуда өнегесін!
Ер аты-ақиқат пен асыл аңыз,
Несіне жақсылықты жасырамыз.
Қызықпыз, басқалардың жылтырағын,
Көре сап аяғына бас ұрамыз!
Оралған қазақ бақытты
Босамай бодандықта тартқан азап,
Пейіліңе Алла берді дархан қазақ.
Жар салды Дүниеге Президент:
«Алашым орал елге, артқа қазақ!»
Аттады атамекен босағасын,
Айырып бауыр, дұшпан, дос арасын.
Өкімет жағдай жасап жатыр енді,
Президент өтініш жасағасын.
Əрине, жағдай біраз жетпей отыр,
Шетелден біраз қазақ өтпей отыр.
Қайсы елдің басшысы бауырларын,
Нұрекеңдей, айтшы өзің, ептеп отыр.
Ұзақ көшті ойлы адам сынамайды.
Үйді де бір мезетте құрамайды,
Көш жүре түзеледі, десем дағы,
Кейбіреуге осы көш ұнамайды.
Болса да жұмыссызы, кедейлері,
Қазағым жайлап жатыр кенен жерді.
Қазақтың даласында ұлтым аз еді,
Оралман есебінен көбейді енді.
Тоқтатып, премьерді, бай адамды,
Президент ойларын баяндады:
«Оралман отбастарын көбейтіңдер,
Ақшаны тапсырамын аямауды».
Несіне шет елдерде шашыламыз,
Шашылсақ аяқтарда басыламыз.
Аяққа тұра берсін экономика,
Тағы да талай бауырды шақырамыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу