Өлеңдер ✍️
Кішіктігі баладай президентім
«Ұлық болсаң -кішік бол, қара балам»
Деп айтып кеткен екен дана бабам.
Президент кішіктігі елге мəлім,
Болса да жаңа уақыт, жаңа заман.
Қырандар тауда өсіп, ала бөтен,
Мұзда өсіп, қанатын қағады екен.
Ұяда нені көрсе... дегендей-ақ,
Ұшқанда -арлан қасқыр алады екен.
Атадан үлгі алып жас қалайда,
Өмірге өз сапарын бастамай ма?
Нұрекеңнің, ата-ана тəрбиесі,
Ұқсайды қыран баулыр тас қамалға.
Жаманды ешкім ұзақ сынамайды,
Жақсы деп көп айтады ұнағанды.
Əбіш-əке баулыған бала қыран,
Алысқа көзін тігіп тұра қалды.
Ашылып қасиеті бұлақтардай,
Ақ патшам, өз тағына тұрақтады-ай,
Кең маңдай, отты жүрек, асыл ұлын,
Əбіш ата халық үшін сұратқандай.
Заман да енді елімді жылатпағай,
Еңсесін қазақ үйдің құлатпағай,
Ержүрек, Дана Басшым аман болсын,
Иллаһи, орындалар мұрат талай.
Шарықтап барыс болып кетсе де Елім,
Озық Елдер сапына жетсе де Елім,
Алғашқы қиындықтан алып шыққан,
Ақ патшасын ұмытпас деп сенемін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter