Өлеңдер ✍️
Астана - президент перзенті
Астана асып кетті Алматыдан,
Болып ед ол туралы қанша күмəн.
Кең дала, Сарыарқадай жазирада,
Күй тарап жатыр қазақ шаңырағынан.
Дегендер, қала салса-ұтыласың,
Даланың боранына тұтыласың.
Бəрін де мойындады, Астана тұр,
Аударып бүкіл əлем ықыласын.
Жиналып ағайындар дінге берік,
Келеді ел көбейіп, гүлдеп, өніп.
Астана қала болмас, құр бос шығын,
Деп ойлап, өзіміз де жүрген едік.
Енді Ел қуанады көріп, танып,
Қазығын Президентім берік қағып.
Қазандай аузына құм құйылды,
Қарсының, жоқ! дегеннің өліп-талып.
Астана тұр- керектің сайлап бəрін,
Есілдің тереңіне бойлап та алдым.
Пайғамбардай көреген Президентте,
Қырық кісі ақылы барын ойлап қалдым.
Барша жұрт енді келді тобаға шын,
Күмəнділер –жүрегін тазаласын!
Астана-Қыран бүркіт бабы келген,
Президент, сыпырады томағасын!
Мейлі енді дұшпандарды мазаласын,
Кең қойныма басқа да паналасын.
Қазаққа бақыт сыйлап, шаттық сыйлап,
Астана, сағат сайын жаңарасың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter