file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  478


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қажымұқан

Қазақта малмен мақтанған,
Бай да көп бөскен, бағлан көп.
Əлемде аты сақталған,
Қажымұқандай палуан жоқ.
Қазекең күшін аңғарып,
Француз, жапон қарсы алған.
Орыстың өзі таң қалып,
Түріктің өзі тамсанған.
Қобыланды батыр аруағы,
Көтеріп жүрген беделін!
Маңдайға біткен саңлағы,
Қажеке, қандай Ер едің!
Талайлар жетпей, жанасып,
Ұстауға қолын соқтыққан.
Өзбек те жатыр таласып,
Өзінде палуан жоқтықтан.
Қажекең жатқан қыр, дала,
Шəкірттер өсті отты ізге.
Қажымұқан палуан бір ғана!
Əйтпесе, палуан көп бізде.
Əлемге мəлім Елінің,
Өлшемі сынды Қажымұқан.
Қоңырқай қазақ жерінің,
Бөлшегі сынды Қажымұқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу