Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
209
Жол бойында жəндіктерге жан кіріп...
Жол бойында жəндіктерге жан кіріп,
Өзендерге жапырақтар сыбырлап,
Май да келді, сағындырып, жандырып,
Көңілді орман күлкісімен шуылдап.
Жарық күннің сəулесіне шаттана,
Өсімдіктер қолын созып жатқандай,
Тіпті бар ғой, көлеңкелер қап-қара
Көк бояуға көшіп кетті мақпалдай.
Көгілдір май – жаз басталар шағы ма?
Кеудеге кеп қуаныштың толды əні.
Қандай жақсы, жайнап кетті тағы да
Көктемдегі туған жердің орманы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter