Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.05.2022
158
Ерболат пен Тойгүлге
Екі көзім бар менің,
Екі көзім қап-қара.
Сүйенерім-дəрменім,
Сол екеуі тек қана.
Екі көзім-байлығым,
Айырбастап болмайтын.
Сол екеуі Ай, Күнім,
Жүрегіме орнайтын.
Екі көзім-дегенім,
Екі қозым-перзентім.
Екі көзге теңедім,
Бар əлемді көретін.
Мен өлсем де жарқырап,
Солар қалар артымда.
Дұға арнаймын əр күні-ақ,
Аллаға алғыс айтуға.
Тілегім мол-тіріде,
Екі көзім-тірегім.
Көрде жатқан күні де,
Сендер жайлы тілегім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter