Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  115


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Күз суреті

Майдалау желмен жоғалды,
Майсалы белдің маңызы.
Мал басып, өшті, омалды,
Шаң жұтып егін аңызы.
Аспанды ала бұлт алып,
Айдады жердің ыстығын.
Апам да қалың қымтанып,
«Түстердей, - дейді, - қыс бүгін».
Қыс жақын, күздің кірбіңі,
Шөпте де, малда, жəндікте...
Салқытөс қысқа күн нұры,
Асылды ұқсап сар жіпке.
Сар жіпке салқын жел жортып,
Сабалап жаңбыр кетер ме?
...Селдір мұрт, сұсты, кең қолтық,
Күз келді атамекенге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу