Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
318

Күшігім
Ақ күшігім бар еді,
Өзі сондай əдемі.
«Кел» десең де – келеді,
«Кет» десең де – келеді.
Келтіреді күлкімді ,
Өзі қызық бір түрлі.
Құлақтары қап-қара,
Жүні аппақ, сүйкімді.
Су беріп ем – ішпеді,
Сүт беріп ем – ішпеді.
... Кəмпит əкеп беремін,
Шыққаннан соң тістері.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter