Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  135


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

«Көктем» деп келген жар салып...

«Көктем» деп келген жар салып,
Есітіп тұңғыш құс əнін.
Көктемді күліп қарсы алып,
Жер – ана ашты құшағын.
Табиғат жарқын жайдары,
Жылуын төкті көктен күн.
Бұзылып қардың қаймағы,
Өрнегін салды көктемнің.
Қар еріп төмен жөңкілдеп,
Су ақты сайда сылдырлап.
Жасарып, жайнап өң кіріп,
Жанданды қайта сұлу бақ.
Қоштасты бұлттар жай ғана,
Орамал бұлғап əріден.
Бусанып жатыр айнала,
Құтылып қыстың кəрінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу