Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  120


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Құстар келгенде

Мекенім, ұям деп келді,
Сен өскен осы ауылды.
Көлдерді, гүлді, бөктерді,
Сағынды олар, сағынды.
Сабылған құстар қиқулы –
Аспан мен жердің арасы.
Саздауытты көріп ұмтылған
Сары ала қазды санашы.
Балдырлы батпақ, думан көл,
Сағындырған-ау, шамасы.
Құс екеш құсқа туған жер,
Бəрінен ыстық, қарашы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу