Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  155


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қарлығаш-көктем

Кең дала, міне,
Қызғалдақ болып гүлденген.
Соғады самал,
Жан рақаты бұл деген!
Қарлығаш қанат,
Келеді көктем қол бұлғап,
Тамылжып таңы,
Шырайлы, ерке түрменен.
Шақырып алыс,
Кештердей сұлу жасанған.
Арманым менің,
Қанатты қолдап, бас алға!
Қарлығаш-көктем
Қалықтап ұшып, ауысып,
Бейбіт күн жыры
Таусыламай тұрсын қашанда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу