Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  237


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Шекарашылар

Қар басып қара орманды,
Мұз басып сүрлеу жолдарды.
Қараңғы түндер қаусырып,
Тастаса-дағы бар маңды.
Жібермеу үшін жауларды,
Сайларды, бұта, тауларды,
Шолады шекарашылар,
Ұйқымыз біздің қорғаулы.
Алдауды дұшпан ойлайды,
Дегенің бірақ, болмайды.
Сүйікті Отан жұлдызы,
Жарқырап биік лаулайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу