Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  139


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Көтеріліп

Көтеріліп,
Шығып ап бел-белеңге
Қолын бірақ сілтеген елге, жерге.
Пейілің мен ұмытқан мейіріңді.
Арамызда бар шығар пенделер де.
Не дей алам оларға,
Аяулы Ана.
Жүрекке олар түсірді қаяу ғана.
Қорқамын мен,
Жандарға жаңағындай
Жақындамақ түгілі таяуға да.
Бәрі де бар,
Бір емес
Барлығы шын
Көңілінің көп жанның тарлығы шын
Солай бола тұрғанымен сен керексің,
Сегіз миллиард халықтың тағдыры үшін.
Саған қалай біз күнә арта аламыз.
Сенсіз қалай тірлікке жол табамыз?
Миллиардтаған халықты асыраған.
Миллион жыл жасаған қарт Анамыз.
Қартайды деп жүр сені көп пенделер.
«Не боламыз» дейді олар біткенде жер
Жаңа түскен келіндей құлпыртып бір
Сені жап-жас ететін көктем келер.
Көктем сайын солай сен жас Анасың,
Аттайсың да жастықтың босағасын.
Көктемдегі күнменен құшақтасқан,
О, Жер Ана,
Сен мәңгі жас Анасың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу