Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  110


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Биіктесің, білемін...

Биіктесің, білемін,
Биіктіктің өзінен.
Жақсылардың жүрегін
Жақынырақ сезінем.
Көктегіні көксейсің,
Арман-ойың тым алыс.
Көкке сәл –ақ жетпейсің,
Басыңда көп қуаныш.
Бақылағын, байқағын,
Бақыттысың, балдайсың.
Жалғыз ғана айтарым,
Мынаған сақ болғайсың:
Бәрі саған жақын-ақ,
Бақытыңның барында.
Әр ізіңді бақылап
Әзәзіл жүр жаныңда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу