Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  115


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Аяулы ақ әжем

Есімде жоқ, мені қалай ұшырдың,
Мейлі қалай ұшырсаң да, құсыңмын.
Бұрын оны ойламаппын, сәл кештеу
Әжесі жоқ адамдарды түсіндім.
Әппақ әжем, ақ әжем,
Шаттығыңды жазар ем.
Өткеніңді өкінтіп,
Еске алғыздың азамен
Әппақ әжем, ақ әжем.
«Төрем» дедің, еркелеттің, есімде,
Еске алмасам ешқашан да кешірме.
Сенсіз жалғыз, сенсіз жарты сезінем,
Алға тартқан арман – өмір кешінде.
Өзің жоқсың өкінішті соншама,
Өзіңнен соң өзіңдей жан қалса да.
Ерекелеуге ұяламын, қайтемін,
Еркелейтін адамдарым болса да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу