Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.05.2022
320
Шағала - сағыныш
Ақ Жайықпен көмкерілген далада
Бесік жырын арнап едің балаңа,
Жан ана.
Ақ қанатын тарана,
Асығады жағаңа
Шағала.
Ақ Жайығым, ақ бесігім, айбарым,
Әлдилеген толқыныңнан айналдым.
Желкілдеген жағаң балғын тал, егін,
Сағыныштың саған айтам сәлемін,
Әдемім.
Жалғыз қалған жағада
Жаутаңдайды шағала,
Жан ана.
Ақ Жайығым, ақ бесігім, ағындым,
Әлдилеген толқыныңды сағындым.
Бала жүрек жайып құшақ далаға,
Мейіріміңді келеді іздеп, жан ана,
Жан ана.
Ақ қанаты тала ма,
Жете алар ма жағаңа
Шағала?!
Ақ Жайығым, ақ бесігім, ағындым,
Әлдилеген толқыныңды сағындым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter