Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  147


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Бірін көріп мейірім сезінесің...

Бірін көріп мейірім сезінесің,
Бірін көріп адамнан безінесің.
Көп қатарлы үйлерде көрші де көп,
Алуан-алуан түріне кезігесің.
Мына есікті ашпайды кісі бүгін,
Қожайынның білмейсің түсінігін.
Өз тұқымы жөнінде хабары жоқ,
Асыл дейді тұқымы күшігінің.
Ол үйде ешкім қызығын тойламайды,
Итпен ғана кезеді айналаны.
Еш адаммен, о тоба, шаруасы жоқ,
Ертелі-кеш ит қамы ойлағаны




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу