Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
167
Мойындаймын, Несіне жасырамын...
Мойындаймын,
Несіне жасырамын -
Келеді сені ғана аялағым.
Сенсіз құла түз болды сая бағым.
Тек мені аямағын,
Өтінемін,
Соңымнан тек мүсіркей қарамағын.
Онсыз да бұлқан-талқан көңілімнің
Дауылдатып қайтесің жағалауын.
Сүйе алмасаң
Жүре бер сен алаңсыз өз жолыңмен,
Бейхабар боп өртенген кездерімнен.
Жылын да өзге күннен, Ұмыт мені,
Қинамағын мүсіркеу сөздеріңмен.
Аянышты көтере алмаймын мен
Тәлкегіне тағдырдың төзгеніммен.
Аямағын,
Өтінем, аямағын,
Тырнама, онсыз да ауыр жараларым.
Сүйген жүрек сорлы болып көрінсе
Несіне аянамын?
Қайрай берме, егер де қайрай берсең
Қанжар болып кеудеңе қадаламын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter