Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
115
Жаңбыр алдында
Найзағайын ойнатқан сабырды ала,
Кіді аспанға қараймын тағы ұрлана.
Айналаның бəрі шу, сыр бермейді,
Мешіт, сосын күтусіз қабір ғана.
Мен де тұрмын үн-түнсіз мылқау жандай,
Не істеймін көңілді бұлт ауғандай.
Түнек буып тұр көкті, енді маған,
Үйде мұңды бір əнді шырқау қалды-ай.
Қамсыз бір сəт таусылып жұрт амалы,
Тоғай шулап, дария бұрқанады.
Босап қалды күні ұзақ доп қуатын,
Балалардан ауылдың сырт алаңы.
Жел қуалай соғады құба белді,
Құдайдың күні жасын сыға келді.
Аспанға, сосын көзін сатқан сыртқа,
Қапа көңіл айтшы кім ұғады елді.
Шадыр жасын шарпыған үйітілді аспан,
Көрсетпейді сақтығын итің де асқан.
Не анда емес, мысалы, не мұнда емес,
Кезің құрсын, Табиғат, сиқың қашқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter