Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
153
Сұп-суық сыпсыңдаған салқын күзгі....
Сұп-суық сыпсыңдаған салқын күзгі,
Көңілдің таңғы шықтай қалпын бұзды.
Сыпырып жатыр жел де жаздан қалған,
Сабындай оңып бітті алқынды ізді.
Талмалау тағдыр жолға салыпты өзге,
Бір мұңды жан қарайды налып көзге.
Жылайды жиі жаным, ауыл жақта,
Шық кешті жалаң аяқ қалып кез де.
Ойнайды көз ұшында бұлың сағым,
Есіме салып қыздың тұлымшағын.
Өрекпе өліарадай өте шықты,
Қунақы құлдыраған құлын шағым.
Лебіне ерме көңіл еріп үннің,
Белгісі сынап мінез сері күннің, –
Қыздардың ерінінде ерікті алған,
Ыстығы кетті қанша ерінімнің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter