Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
166
Ауруханаласқа
Қай қияға салмады төзім бізді,
Жел суырған көрерсің өзің де ізді...
Аурухана ішінде адасады,
Сəл мұңлылау шық тұнды көзім күзгі.
Бір-бірінен аумайтын қалыптай күн,
Қорғансыздау жанымды шалып қайғың, –
Ауру меңдеп жатқанда жалғыз-жарым,
Шығып қалған жағаға балықтаймын.
Қақпандай-ау құрылған қалаң қаппа,
Құлық та жоқ, құнықпа қаламсапқа.
Ала-құла бұлттай көшкен көкте,
Кетіп кейде жатады санам саққа.
Кезіккенде кеселдің кезіне мың,
Тапқанменен дəрігер өзің емін, –
Сыр мен қырдың ауасы жетпей маған,
Жатқандығын жаныммен сезінемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter