Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  136


Автор: Аманхан Əлімұлы

Келе-келе бойсоза өсе бала...

Келе-келе бойсоза өсе бала,
Балақ қапты шаңыңды көше қаға, –
Кеше ғана тауысып бал күндерін,
Сүймеп пе еді бір қызды кеше ғана.
Өліп-өшіп сүйетін со бір қызды,
Куə етіп желең жаз, содыр күзді, –
Көз байлана жүретін жолығысып,
Тоз-тоз етіп жіберді өмір бізді.
Келмей-тұғын мезгілге қолдап өтті,
Бұрған кезі жастықтың жолға бетті.
Жиырмаға толдым да мен де кеттім,
Он сегізге толды да ол да кетті.
Ауыл қалды, бүгінде қалалықпыз,
Өтті-кетті қақ тұрды балалық та із...
Қарауытып ашпайсың қабағыңды,
Бар-ау сенде өмірдей алалық Күз.
Көкке кірбің қабақты қарап тұрып,
Ішкім келіп кетеді арақты ұрып.
Көңілсіздік билеген көбең кеште,
Көрсетеді көпек ит барақ қылық.
Сыздамалы ыз басты, ызың қашқан,
Келтірші бір ретке күзіңді аспан, –
Қай-қайдағы жайларды еске алып,
Қам көңілім тұрғаңда бұзылмастан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу