Өлеңдер ✍️
Бір келіншекке
Көзiңнен көрдiм табын жасты мұңның,
Сеземiн мысы қара басты түннiң.
Мен сенен сұрамаймын ештеңе де,
Болмаса шетi ғана жастығыңның.
Отырмын ой орнықпай шарам құрып,
Көндiкпе көңiлдi алып балаң қылық.
Алдымда алынбайтын тас қамалдай,
Көлденең жатып алды қараңғылық.
Бiлгенге жас емеспiз сен де, мен де,
Себепсiз көз салатын көлденеңге.
Кей-кейде ұшпа сезiм ұшыққанда,
Келедi көңiл көзсiз желбе жеңге.
Келетiн таспа кеуде бүлiк дерге,
Бас бiлмес басуы кем күлiк кер ме?
Келiншек. Қызыл шарап. Оңаша үй.
Алыстан Ай бағады түрiп перде.
Не жетсiн iштей бəрiн сезiнгенге,
Мына күй менен бе, əлде өзiңнен бе?
Көңiлден кетер бəрi сағымға ұқсап,
Өмiрден өтер-өтпес көз iлгенде.
Тойымсыз көрiнiсiндей қабiр жердiң,
Сөндiге келер отты тағы үрлер кiм?!
Шайтанның шалығына шалдырмастан,
Е, Алла, нəпсi тыйды сабыр бергін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter