Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  154


Автор: Аманхан Əлімұлы

Өтті де қас қағымдай аз-ақ күні...

Өтті де қас қағымдай аз-ақ күні,
Басылды іспе кеуде жаз аптығы.
Созылып кеттің неге соншалықты,
«Елім-ай» əніндегі қазақ мұңы.
Келтірген көз алдыма жезді реңі,
Жайсыздау тиген тəнге кез бір еді.
Сыбдырлап сəл-пəл мұңды жапырақтар,
Ескенін күздің лебі сездіреді.
Жаныңды не істейсің тоңса деме,
Доп басты, жырық көзді, қомша неме...
Япырай, Алматы да соңғы кезде,
Жылауық болып кетті сонша неге?
Булыққан бұлт буды сыздап аспан,
Көрсетіп тұр қылықты қызба бастан.
Қызығын алып, мына қу дүние,
Ұқсайды көрші ауылға қызға қашқан.
Қақпанын тарпаң тағдыр құрып тұр-ау,
Алады желбір желең шырықты, бау.
Күзгі жел, кіді мезгіл, елдің мұңы,
Көңілді қайда қоям қырық құрау




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу