Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.05.2022
136
«Аһ, жалған», болып қалар арада ақыр...
«Аһ, жалған», болып қалар арада ақыр,
Тірлік пе, тірлік, шіркін, қара бақыр.
Тізбегі үшбу тырна көк сыналап,
Боздатып боз аспанды бара жатыр.
Танытып қырын қылық елді кезді,
Күн батты сүйрек ерін, шелді көзді.
Дария моп-момақан сырғып аққан,
Мінезін көрсетпейді желді кезгі.
Бозбала тасқа салды төзімің бе, ей,
Шығатын ұзақты түн көзін ілмей, –
Қар жауып тұр ертелеу, балаң сенің,
Бір қызға ғашық болған сезіміңдей.
Манағы батқан күндей жалқынданып,
Кіді кеш танытады салқын қалып.
Ай жүзген емін-еркін айдынында,
Мысалы, қармақ қапты алтын балық.
Шарт сынды салып тілме шыныны еске,
Қанбастан қалған жандай қымы кешке, –
Не жетсін отырғанға осындайда,
Арқаны беріп қойып жылы пешке
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter