Өлеңдер ✍️
Бұл кездері шау тартқан сары бала...
Бұл кездері шау тартқан сары бала,
Өтті-кетті күніңнің бəрі нала.
Қара желдің өтінде тұрған тірлік,
Сағыныштан сарыала арыла ма?
Көріп-білсең сездірер өзі жайдың,
Көгендегі бүгінде қозыдаймын.
Мысалы, сен көзімді оты өшкен,
Салқын тартқан сəулесі кезіде Айдың.
Менің шулы кезімді ұқан ба, өзге,
Қыз-қырқынға қырындап шыққан кезде, –
Жалын жастық қарасыз қарға аунаған,
Құлпыратын түлкідей бұққан түзде.
Бойды алған тірліктің ызы шерсің,
Бозбала шақ қашанғы ізіңе ерсін?
Көзден таса басымда жылап тұрған,
Кемпір көрсең сүйген бір қызы дерсің.
Дей алмайтын, ей, тірлік күлкіңе көш,
Алар мүмкін мазамды мүмкін елес.
Бірін-бірі қуалай өкшелеген,
Алдырмастан келеді түлкі белес.
Шыдай-шыдай таусылған төзімнен бе,
Ажалды мен айтарым сезінгенде, –
Мəжүн талын егіңдер қабіріме,
Жылап тұрар басымда көз ілгенде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter