file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  172


Автор: Құралай Омар

Көзсiз сезiм күйдiрдi...

Көзсiз сезiм күйдiрдi,
Күйiп келем...
Есiм кетiп егiлдiм, сүйiп керең.
Тәп-тәттi қиял деген әлемiмнiң
Сүйкiмдi кейiпкерi ең.
Биiктер ем...
Өзiңсiз қайдан бiрақ.
Жүрсiң-ау бiздегi күй, жайдан жырақ.
Көңiлiм көкте едi, қалды бүгiн
Аппақ-аппақ арманым Айдан құлап.
Қайдан бiрақ...
Көрмессiң... Бұл түн егес –
Мазамды алды мазақтап сылқым елес.
Күп-күрең күндерiмдi жайнатпақ боп
Күлiп келем... (Алайда күлкiм емес)
...Мүмкiн емес..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу