Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
362
Аққу күндер күндер ару ақ білек...
Аққу күндер
күндер ару ақ білек,
көп қылаңдап көз алдымнан ақты кеп...
Өрттей ыстық өмірімді өткіздім,
бір-ақ жанның жанарынан бақ тілеп.
Көңіл бөлмей күмбір қала үніне,
көзге сол бір көп қарадым үңіле –
күлім қағып тұрып алса қайтемін,
сол жанарға айналып бар дүние?!
Аңсап жаңа тапқандай-ақ бір-бірін,
құшағыма кіріп кетті нұр бүгін.
...Алаулаған ақ жалынға айналып,
жарқырай бер, менің жанар – тірлігім!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter