Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  144


Автор: Сабырхан Асанов

Жүрегім – саған менің сиым болды...

Жүрегім –саған менің сиым болды,
бір сенсіз
емір маған тиын болды.
Кейде рас,
бес баланы баққаныңнан,
өзіңе мені бағу қиын болды.
Отырған
кездерің мол жолым тосып.
Кейде боп,
кейде болмай көңіл қошы.
Таңдаған
жалғыз жарың– ақын болды,
болды да
бағың да осы, сорың да осы.
Бір үміт,
бір күдік бар қарасында.
Беріліп ойларға ыңғай барасың ба.
Өлсек те,
жап-жарық боп біз жүреміз,
көктегі
жұлдыздардың арасында.
Кейде рас
сүйенгендей арқаң тауға;
Ондай да
көңілің де дархандау ма.
Кім білген,
жүзің кейде жалын атар,
жаңылмаған да
шығарсың жар тандауда.
Өткізіп
мәнді, мәнсіз уақытты көп.
Көкірек күйге толып жатыпты тек.
Батагөй
шалдардай боп мен отырмын,
жердегі жұртқа
барлық бақыт тілеп.
Дәл мендей
болмаса да аңғал әркім,
кең дала
көкірегіме таң қалармын.
Бақытты
болсын деген сол жұртымның,
ішінде
сен де барсың, мен де бармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу