Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
157
Мен өзінді ай -күн емес...
Мен өзінді ай-күн емес,
жұлдыздарға теңедім.
Сол бетімнен айнығам жоқ,
сол жолыммен келемін.
алыстарға шақырған,
жұлдыздары жарқыраған
аспандарға енемін.
Қуанышым тасып жатыр,
бергеннен соң үйіп те.
Сүйіктіңе айналсам мен,
өртенемін сүйіп те.
Алаулардан қанат байлап,
аспандарға ұмтылсам,
менің орным– өз қасында,
менің орным– биікте.
Сонау-сонау шырқауларда
қанша күлдік, күрсіндік,
айналады екен бастар
биіктерде бір сұмдық.
Сонда да біз құламайық,
сонда да біз шыдайық,
бақыт қайда тұратынын,
жердегі бар білсін жұрт.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter