Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  466


Автор: Гүлбақыт Қасен

Құрбыма

Ақ тілекпен сәлем жолдап таңертең,
Жылы сөзбен жұбанамыз, жан еркем.
Жақсы күнде жүздесеміз деуменен,
Бізді алға сүйреп келеді әр ертең.
Бізді алға жетелейді бір үміт,
Сол үмітке жүректер жүр жылынып.
Біз сияқты сағынысқан достарға,
Келер күндер қарар ма екен бұрылып?
Келер күндер қуанышын сыйласын,
Бала күнгі құрбым менің қимасым.
Бұл өмірде үлкен достық қымбатты,
Менің титтей жүрегіме сыйғасын.
Жүрегімде сағынышым сақталған,
Күнделіктер, сырлар қайда ақтарған?
Ақ желкенді арман бізді тербетсін,
Кездескенде гүл терейік бақтардан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу