Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  294


Автор: Гүлбақыт Қасен

Бейбіт өмір

Бейбіт өмір, нұрлы болсын әр таңы,
Ерлеріне ел сенімін артады.
Қорған болар, пана болар жұртына
Азаматтар – Алатаудай арқалы.
Алаңдамай жақсы ғұмыр кешеді,
Ұмыт болып, қиын заман кешегі.
Бауыржан мен Қасымдардың ерлігі,
Болашақта өр істердің өлшемі.
Көңілімде ерлік жырдың өрнегі,
Жарқын күнім – қуанышым жердегі.
Ел мерейін үстем еткен ісімен,
Жасай берсін Жетісудың ерлері!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу