Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.05.2022
242
Белжайлау
Белжайлау, мен сені көрмедім...
Көрмедім көктемде, жазда да.
Жайлауым, ырысты төр ме едің,
Санамда сурет бар аз ғана...
Белжайлау, бабалар мекені,
Ғасырлар ізі бар кешегі.
Мезгілдің самалы, желкемі
Өзіңде қоңыржай еседі.
Белжайлау, бұлағың тұп-тұнық,
Аптапта шөлімді баса ма?
Даланың кеңдігін ұқтырып,
Тұрсың-ау!
Сенен жер аса ма?
Белжайлау, ғашықпын көркіңе,
Көркіңе керімсал тамсанам.
Жіберсе, шіркін-ай еркіме...
Белжайлау, кешіңде ән салам.
Белжайлау, мен түбі өзіңе
Бір барам.
Ойымнан шықпайсың.
Әдемі көрініп көзіме...
Алдымнан құлпырып шыққайсың,
Белжайлау!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter