Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  135


Автор: Гүлбақыт Қасен

Елігім-2

Елігім, ғашығым менің,
Өзіңе асығып едім...
Адасып қалдым неліктен,
Көз жазып егіз еліктен.
Тауларым қорған бола алмай,
Талдарым орман бола алмай,
Жарық күн шуақ шашпады,
Бәйшешек гүлін ашпады.
Елігім, егізің едім...
Еліңде кезігіп едім.
Тастаған байлап көзіңді –
Қайтемін соқыр сезімді...
Аңсадым, жаным өзіңді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу