Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2022
192

Дін-шырақ, дәстүр-бұлақ
Халықпыз, бір Алланың құлдарымыз,
Жол қалған Пайғамбардан нұрланып із.
Тербеткен Əулиесін, Əнбиесін,
Бекетті туған елдің ұлдарымыз!
Жан Алла қайыра көр бұла мұңды,
Ұлтқа серт қайтара көр ұранымды.
Дін – шырақ, дəстүр – бұлақ, Халық – тұрақ,
Сақтай көр шырағыммен, бұлағымды!?
Мұңсызға бөз де кілем, сөз де кілем,
Піседі пенде байғұс өз демінен.
Шалдарым салт-дəстүр мен Дін тастапты,
Адасып қалмасын деп өздерінен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇