Өлеңдер ✍️
Жат қолында жанымның бөлшегі жүр..
І
Бек сайлап береген жұрт, алаған қол,
Мынау жол елді ессіз талаған жол.
Қазақтың ен байлығын судай шашып,
Тұр, əне, жең ішінде санаған қол.
Надан тұр соқыр сана, көзі ғаріп.
Отан тұр көздерінен төзім ағып.
Елінен жетім ұшты құрлық асып,
Елінде: «Неге!?..» – деген сөзі қалып.
ІІ
Бал жедің, бала саттың басқа құрып.
Өлсеңші маңдайыңды тасқа ұрып.
Біздерді кімдер қайта жасап алды,
Безбүйрек берекетсіз қасқа қылып?!
Өлеңім – бесік болсын құлындарға!
Ен, алаш, сенен басқа мұңым бар ма!?
Бақытты бола алмайды қалың қазақ,
Жат жерде жылап жүрген бір ұл барда!
* * *
Сайран бел
Сары шегір самның құмы.
Ақбөбек – зардың жыры, жардың мұңы.
Боз төбе
Жалды қара, жалпақ қырат,
Мысалы жолда қалған нардың жүгі.
Бебеулеп
Сай-қолатта сары қамыс.
Сарыны, салған зары бəрі қалыс.
Ауыл-үй
Аңғал тірлік,бейбіт мекен,
Ер көдек, жасы жалын, кəрі шалыс.
Қанша таң
Қайта туып басталмады.
Кіжініп көз шығарып бас жарғалы.
Сұлу көл, суда қалған ақ сазандай,
Ай жүзіп бара жатыр аспандағы.
* * *
Шахзада шахтың ұлы мінгендей ме,
Айтарға мұнан артық тіл келмей ме.
Қыл құйрық,
Қылаң жүйрік, құлан шатыс,
Боларын бір сұмдықтың білгендей ме?!
Елеңдеп қайшылайды қос құлағын
Еркелеп ен жайлаған жоқ бұла күн.
Қоқаңдап қойшы бала мініп алды,
Ауылдың бағып жүрген тоқты-ылағын.
Қой мен қой, ешкі менен ешкі болды.
Елпеңдеп еріп жүріп бесті болды.
Ақыры ала құнан қайран тұлпар,
Жалғанға жаны қажып кекті болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter