Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  112


Автор: Сабыр Адай

Тас жүрек

Шағын ауыл бір шенеунік күжілдек.
Қорқытады менің қолым ұзын деп.
Қатқан нан мен қара суға тойғызды,
Халық отыр аққан тердің тұзын жеп.
Шаңы шыққан шағын мекен шалғаймыз,
(Таңдай болса татып көрер балдаймыз)
Өткен күнге сынық ине сабақтап,
Өзімізді сырмақ тоқып алдаймыз.
Күжілдектің екі көзі шенде жүр.
Дəл осылай дəмелі жұрт, кенде өмір.
Соның бəрін көрмей-білмей жүрсің бе,
Тасжүрек жан екенсің ғой, Сен де,– бір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу