Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  116


Автор: Сабыр Адай

Желі тарттым сарымнан

Кеңес те берген кебінмен,
Емінген дұшпан, елің жем.
Қасқа айғырдың баласы,
Шапқаннан басқа не білген!?
Көл бір біткен көгілдір,
Көпке де таныс өмір бұл.
Мамырлаған ел-жұртың,
Мамығын қайда төгіп жүр.
Ел асып қайда бармақпыз!?
Жантайып шөкті жарғақ құз.
Үйірге салып жабыны,
Қасқаның елін алдаппыз!
Жел-құздан бойым қабынған,
Желі де тарттым сарымнан.
Ер Махамбет түсімде,
Жырлап тұр солай Нарыннан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу