Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  81


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Сенім

Түбінде боламын мен бір керегің,
Ағайын бірге өнген соң бірге өлемін.
Сыртымнан жек көрсетіп бəтшағарлар,
Олар да жасап жүрсін білген емін.
Бір үлгі тұрмасада орнап менен,
Жыр жазам кей күні ащы толғақпенен.
Өмірде оп-оңай ма орын теуіп,
Ел сүйген бір азамат болмақ деген.
Ат басы ой өрістеп тұрмысымнан,
Ақшаңада бір кеңіп, бір қысылам.
Қолдағы барды беріп қажетіңе,
Аңқылдап жүрегімді бірге ұсынам.
Биікке жан тына ма көтерілмей,
Көңілден шөл қана ма көл төгілмей.
Басымнан бақыт тайып жүрсем бір кез,
Ағайын сырт қарама бөтеніңдей.
Түсінем жүрегіңді тілеулесім,
Обалың түсінбесем жібермесін.
Көз көріп, құлақ естіп қанығармыз,
Табатын көңіл суын жыр өлмесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу