Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  110


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Жетіп жатыр

Майырылмаймын ұшындай тат шегенің,
Артық емес арымнан ақшаң менің.
Бір толасын түбінде асып-тасып,
Шайқалмасын көңілім ақ шелегің.
Ұстамай-ақ ақшаңды будасымен,
Күн кешірем адамдық бір басыммен.
Түгел бастап келседе көтеремін,
Егескенде бір досым, бір қасыммен.
Азық болып аңсаған арман маған,
Өзімше айдап келемін арбамды аман.
Аласұрған от сезім ой беріпті,
Жетіп жатыр осы үлкен арнам маған.
Иығымнан тікендей тұрмыс іліп,
Жүріп келем бір кеңіп, бір қысылып.
Берекесі белдеулеп тұрған үйде,
Жетіп жатыр айлығым бір кісілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу