Өлеңдер ✍️
Көңілім
Адамдай жан-жағым бір кеңге ұласқан,
Тұр менің көңілімде зеңгір аспан.
Келемін кердең басып, кезең асып,
Өзіме қай қиынды тең қылмастан.
Мұнда мен деп тұрғам жоқ хан боламын,
Қажетті тірлік үшін қамданамын.
Өлтіре сабап кеткен өкінішім,
Ұйқтамай талай-талай таңды аламын.
Ұнайма саған досым осы арыным,
Бар болса демеп жібер қосар үнің.
Көп іске ырық бермей жүргеніммен,
Сезімге морт сынатын осалыңмын.
Қуанып шаттығыңа қоса күлем,
Жыласаң мұңымды əкеп қосамын мен.
Аңқылдап ақ көңіл мен аяп жүріп,
Ең соңғы жеңісті де тосамын мен.
Алдымда самал ескен далам міне,
Ақ көңіл болдым басқа талабым не.
Өтемін еміреніп, тебіреніп,
Қатаң боп, қарау болып табамын не.
Кездерім болған бəйге алатында,
Көрінбей қалғам көптін қабатында.
Сондада қарауланбай көңіл жанып,
Ұшамын сезімнің гүл қанатында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter