Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  121


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Арамзалар

Қайда жүрсең құйрығың бір тұтамдай,
Сазырайған аспаның бір дым тамбай.
Өртеп тынар болып ең бұл маңыңды,
Отың өшті жылт етіп бір тұтанбай.
Ағайынның күндейсің гүл-гүл бағын,
Ішке бүгіп қолыңның бір бармағын.
Изек қағып қулардың құлы болып,
Момындарды келеді жұлмалағың.
Көрсетесің тісіңді тіл жасырып,
Ішің толы у адамға тұрған суып.
Ары қарасам арқамнан атып салар,
Таңдайыңда талай оқ тұр басылып.
Ақ көңілдің көмем деп маңын шаңға,
Өзің құрып келесің не қылсаңда.
Қай-қашанда ісі ақтың құдайы жақ,
Өз мойныңа түседі нағыз шалма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу